Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Абай облысы мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған тұрақты жұмыс істейтін екі көрме ашылды.

Кеңес Одағының батырлары – семейліктерге арналған «Жеңіске 80 жыл біздің батырлар!» көрмесі.

«Майданнан келген хаттар....!» көрмесінде Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке қорларында сақталған майданнан келген хаттар ұсынылған.

image-1251-1990.jpg

Көрмелердің ашылуына Семей қаласының медициналық университетінің студенттері қатысты.

image-1251-1991.jpg

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің  басшысы  Л.К. Кадырова студенттерге «Майдандағы хаттар сөйлейді...!» атты дәріс оқыды, қонақтарды  архив мамандары дайындаған басылымдар – Семей облысы аумағында жасақталған дивизиялар  және Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізге арналған жинақтар мен брошюралармен  таныстырды.

Басылымдардың негізі архивте сақталған құжаттар болды.

Қонақтарға  сонымен қатар көрмелердің мазмұны таныстырылып, соғыс жылдарындағы фотосуреттер мен құжаттар туралы айтылды.

image-1251-1992.jpg

Іс-шара архив ішіне экскурссиямен  аяқталды. Мемлекеттік есеп және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.С.  Сүлейменова қонақтарға   АОМА  қорлары және құжаттарды сақтау шарттары туралы айтып берді.

image-1251-1993.jpg