1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізілген дәріс

2025 жылдың 29 сәуірінде "АОМА" КММ "Alikhan Bokeikhan University" білім беру мекемесінің төртінші курс студенттеріне ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «Бірлігі  жарасқан елміз!» тақырыбында дәріс оқыды.

image-1250-1988.jpg

Дәрісте Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігі туралы айтылды. Абай облысының мемлекеттік архиві қорында сақталған фото суреттерден қойылған көрмемен таныстырды.

image-1250-1989.jpg

Шара соңында студенттер өздері қызыққан сұрақтарын қойып, көңілді атмосферада аяқталды.