







Жас архившілерді оқыту
28 сәуір 2025 жылы «АОМА» КММ құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу бөлімі басшысы Сулейменова М.С. және бөлім архившісі Карандашова М.Б. жас архившілер байқауына қатысушыларға оқу өткізді.
Жоспарға сәйкес топ мүшелерін бөлімнің жұмысымен таныстырды:
архивтік істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау тәртібі, архив қорларын архив қоймаларына орналастыру, архивтік істерді сақтау шарттары, оларды пайдаланушыларға беру тәртібі, архивтік құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексеруді жүргізу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету туралы айтылды.