Жас архившілерді оқыту

10 сәуір 2025 жылы "АОМА" КММ толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімі жоспарға сәйкес "Жас архившілер" конкурсына қатысушы командасының мүшелеріне оқу өткізілді.

image-1247-1984.jpg

Дәріс тақырыбы: "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидалары"

Сабақ барысында келесі мәселелер қаралды:

1. Осы қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар.

2. Архивтерді Ұлттық архив қорының және басқа да архив құжаттарымен толықтыру тәртібі.

3. Архивті Қазақстан Республикасы үшін маңызы бар шетелдік архивтік құжаттармен немесе олардың түпнұсқалар құқығындағы көшірмелерімен толықтыру.

4. Жинақтау көздерінің тізімін жасау.