«Екінші дүниежүзілік соғыс: тарих пен тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел

2025 жылы 16 сәуірде «Семей медицина университетінде» КЕАҚ жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен жеңістің 80 жылдығына орай, «Екінші дүниежүзілік соғыс: тарих пен тағылым» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараға Абай облысы, Семей қаласының ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы, «Семей медицина университетінің 1-2 курс студенттері» қатысты.

image-1243-1977.peg

Дөңгелек үстелде «АОМА» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К.Кадырова «Ертең майданға ораламын.... Семей қ. эвакогоспитальдар тарихынан. Құжаттар сөйлейді.» тақырыбында баяндама оқыды.

image-1243-1978.peg

Сонымен қатар, Семей медицина университетінің жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к Р.Екібаев, Шәкәрім университеті тарих кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к З.Мукатаева, «Alikhan Bokeikhan University» әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. А.Рахметуллин, Семей медицина университетінің жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Базарбековтардың баяндамалары тыңдалды. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар Екінші дүние жүзілік соғыстың мәнімен тарихи оқиғаларына талдау жасады.

image-1243-1976.peg