







Абай облысындағы кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы
Л.К.Кадырова
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы
«Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ Семей қ.
Ұлт зиялыларын қуғындау, жазықсыз жазаға өзге ұлт өкілдері, қарапайым шаруалар, бай кулактар талай тарихи тұлғаларымыздың туған жерінен кетуге мәжбүр еткен зұлмат жылдар - Қазақстан тарихындағы қайғылы беттердің бірі. Осы бір кезең бұрынғы Семей облысы аумағы, қазіргі Абай облысын да шарпымай өткен жоқ. Семей өңірі - Алаштың тарихи астанасы ретінде белгілі. Бұл өлкеде көптеген Алаштың арыстары дүниеге келген. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың шешіміне өз алдына жаңадан облыс болып құрылғанымызға аз ғана уақыт болса да, өңірімізде ауқымды жұмыс жасалып, деректі құжаттар оқырман қауымға жол тартты.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үдерісін бастау, жаңғырту туралы шешім қабылдады. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ақталмаған санаттарын анықтау жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.
Осыған орай Абай облысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері «Абай облысының мемлекеттік архиві» қорындағы аса құнды, құпия құжаттардың бетін ашты. Құжаттарды сараптай келе түрлі тақырыпта сыр шертетін бұрын жарияланбаған деректі құжаттарды жарыққа шығарды десек артық емес. Мысалы:
1. Кулактардың, жартылай феодалдардың мүлкін тәркілеуге қатысты нормативтік-құқықтық актілер
2. Семей қаласындағы "Алаш" қозғалысы.
3. Кеңес өкіметіне қарсы көтерілістер.
4. Кеңестік билік органдары мен соттың репрессиялық әрекеттеріне шағымдар.
5. Қазақстанға халықтар мен арнайы қоныстанушыларды күштеп депортациялау. Осындай тақырыптарды қамтитын құжаттар сан алуан. Менің зерттеуімдегі аса көңілге қаяу түсірген, жазықсыз жаппа шеккен халықтың назын білдірген шағым хаттары ешкімді бей жай қалдырмауы тиіс.
Бұл құжаттар Семей облыстық прокуратура қорының құрамында анықталған 178 құжат. Құжаттар репрессиялық органдардың жұмыс әдістерінің ең құнды дәлелі болып табылады, олардың айыптаулары көбінесе нақты негізге ие болмады.
Құжаттарға назар салсақ.
Құжат №1
Жалоба товарищу И.В.Сталину от Перелыгиной Надежды Вячеславовны в отношении Перелыгина Вячеслава
г.Усть-Каменогорск 1938 г.
Заявление
Я к вам с очень большой просьбой так как моего отца взяли 3 июля под арест пришли к нам в 7 часов вечера сделали обыск но ничего не нашли. Взяли только 2 ружья которые папе давали в счет премии, патроны, дробь, горох капсулы и все. И за что взяли неизвестно, знаем что 58 статья 7-9 пункт. Мы слышали что 58 статья-вредитель, но какой же он вредитель когда он сам завоёвывал Советскую власть, который в окопах сидел, пули ловил, у него 14 ран по всему телу. Который не может изменить Родине, который любит ее, воевал за счастливую жизнь.
Но вот ему и пришла счастливая жизнь - под старость умереть в тюрьме. У него нет половины правого легкого с которым он болел все время, но сейчас у него еще больше развился туберкулез, у него больное сердце. Папа мой красный командир он меня научил стрелять, он говорил, - «Если кто будет наступать на нашу родину, отбирать ее, мы с тобой первые встанем грудью защищать свою родную страну. Он всегда старался, работал, ночью не спал, на каждом руднике премию получал, ударные значки, ударные грамоты. Мы, когда приехали на этот рудник, стояло все, все фабрики, шахты и дизельные, но папа через месяц все запустил, все стало идти как новое и через 2 месяца после этого папу арестовали, директор говорил что 6 июля дадим путевку на курорт а 3 июля дали путевку в тюрьму.
Дорогой И.В.Сталин не ожидала я что будут арестовывать не за что стахановцев, которые преданы делу Советского Союза, которые любят родину и любят ее вождей, которые хотят умереть не в тюрьме, чтоб их похоронили с музыкой под интернационал и марш, чтоб они помнили что советская власть это родная страна где любят героев.
И.В.Сталин дайте хотя бы защиту моему отцу который сидит 3 месяца не за что и все под следствием в г.Усть-Каменогорске я прощу вашего немедленного вмешательства.
Мой адрес: г.Усть-Каменогорск, Заульбинка, ул.М.Горького д.30
Перелыгина Н.В.
АОМА Қ.1404, т.1, іс.3..132,133 б.
Осындай шағымдардың ішінде Семей
Құжат №2
Жалоба прокурору СССР от Моргайлик А.Л. в отношении Моргайлик Константин Николаевича
г.Семипалатинска 25 февраля 1939 года
Прошу Вашего распоражения о пересмотре дела моего мужа Моргайлик Константина Николаевича.
Он работал по делу народного образования около 30 годов, из них 22, на одном месте в г.Семипалатинске. Был директором, завучем, преподавателем, руководителем курсов, методистом и другие обязанности исполнял.
Кроме своей непросредственной работы обязательной имел всегда большую общественную нагрузку, несколько раз даже лишался летнего отдыха. Много раз был премирован за хорошую работу. Имеет много благодарственных писем от окончивших и уже работающих учеников и вообще пользовался уважением как добросовестный работник. Он сын крестьянина-бывшего крепостного, самостоятельно добился высшего образования, работал и в начальной, и в средней и в высшей школе.
В 1937 г. 5 ноября. ночью, он был взят агентами НКВД и с той поры ни разу его не видела, не имею ни одной строчки от него, не приняли ни одной передачи с бельм.
Не знаю за что взят, какое преступление сделал, куда сослан. Не оставьте моей просьбы без внимания, может он незаслуженно терпит наказание вместо того, чтобы своими знаниями приносить пользу обществу и родине.
Могу предостваить его автобиографию и трудовой список.
Если бы я знала, что он действительно сделал преступление, то не клопотала бы и не беспокоила бы Вас, но какой он враг народа, когда всю жизнь (ему 55) он отдал на пользу народу.
Моргайлик А.Л.
АОМА, Қ.1404, от.1, іс.3.б. 4,94,95.
Мына бір келесі құжатта: Ғалым, абайтанушы, 1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог. Семей қаласындағы Абай музейінің негізін қалаушы (1940). Қазақ КСР-і Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, Қайым Мұхамедхановтың әкесін тұтқынға алып кеткенде, анасының латын тілінде жазған хатын кездестірдік, бұл хат бұрын аса құпия құжат грифімен берілген.
Құжат №3
Шығыс Қазақстан прокуратурасына Сейтқұлов Мұхамедхан туралы, Сейтқұлова Мақыпжанның жазған өтініші. Семей қ. Қызыл әскер көшесі 65 үй.
29 сәуір 1939 ж.
Өтініш.
Менің жолдасым Сейтқұлов Мұхаметхан 1937 жылы ноябрь айының 24 –і күні НКВД сотруднигі Ванников арқылы тұтқынға алынған еді. Жасы 70 тегі шал, сауатсыз, науқас адам еді. Бізде не үшін тұтқынға алынғаны жаңа жатқан күннен бері осы күнге дейін (бір жарым жылдан астам) не халде, қайда екені, өлі, тірісі мәлімсіз сондықтан менің шалымның хал жайы туралы түсінік беруіңізді өтінемін.
Хат жазған (қолы қойылған)
29 апрель 1939 г.
Надпись по тексту документа: «Осужден в 1937 году по I категории».
АОМА, Қ.1404, т.1, іс.3, б.114.
Өткенге тағзым жасау, еліміздің болашағы мен тарихына құрметпен қарау - баршаға міндет. Қазақ тарихындағы бұл қасіретке бей-жай қарау, санамыздан өшіру елдігімізге сын болары сөзсіз. Ендеше ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын, еліне еңбек қылып жазықсыз солақы саясаттың құрбандары болған қарапайым қара халықты жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!