







Қоғам және мемлекет қайраткері Кешірім Бозтаевтың туғанына 90 жыл
Халқы үшін еңбек еткен тұлға.....!
Республикамыздағы тарихы тереңде жатқан, ең көне архив, Абай облысы Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында тарихи құндылықтары ұшаң теңіз құжаттар сақталған. Осындай құжаттарды негізге ала отырып үнемі баспа беттеріне түрлі тақырыпта мақалалар жарияланып тұрады.
Ал қазіргі мақала Қоғам және мемлекет қайраткері, бұрынғы Семей облысының бірінші хатшысы, Семей қаласының Құрметті азаматы Кешірім Бозтаев жайлы болмақ. Биыл қоғам қайраткері Кешірім Бозтаевтың туғанына 90 жыл толды. Кешірім Бозтаев - 1933 жылдың 25 шілдесінде бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Ақшатау ауылында дүниеге келген. Архив қорында Қ-103, т.71, іс.35 қор атауы (Семипалатинский обком компартии Казахстана) Кешірім Бозтаевтың жеке іс-қағазы сақталған. Құжат мәтінінде Кешірім Бозтаевтың орыс тілінде бүкіл өмір баяны жазылған. Оқырман қауымға еш өзгертусіз, толықтырусыз орыс тілінде жазылған құжатты беруге тырыстық.
Кешрим Бозтаевич Бозтаев родился в 1933 году в ауле Ақшатау Аягузского района Семипалатинской области в семье колхозника. Его отец был кузнецом, мать рядовой колхозницей. В 1956 году К.Б.Бозтаев окончил Казахский горно-металлургический институт, получил специальность инженера-металлурга по цветным, редким и благородным металлам, был направлен в Восточно-Казахстанскую область на Ордена Ленина и Ордена Октябрьской революции Усть-Каменогорский свинцово-цинковый комбинат имени Начал здесь свою трудовую биографию на рядовых рабочих должностях-три года работал плавильщиком, старшим плавильщиком, шесть лет-сменным мастером, затем начальником отделения, технологом, начальником цеха.
Активное участие принимал во внедрении новой техники и технологии, на его счету более 30 рационализаторских предложений и изобретений, за что он удостоен почетного звания «Заслуженный рационализатор Казахской ССР».
В декабре 1967 года коммунисты комбината, оказав высокое доверие, избрали К.Б.Бозтаева секретарем партийного комитета на правах райкома и на этой должности он проработал пять лет.
После 17 лет беспрерывной трудовой деятельности на Усть-Каменогорском свинцово-цинковом комбинате имени В.И.Ленина, К.Б.Бозтаев в 1973 году был избран секретарем, затем вторым секретарем Восточно-Казахстанского обкома партии, а в 1985 году председателем Восточно-Казахстанского облисполкома.
С февраля 1987 года К.Б.Бозтаев работает первым секретарем Семипалатинского обкома Компартии Казахстана.
За достижения в труде, личные заслуги в решении задач социально-экономического развития и культурного строительства К.Б.Бозтаев награжден тремя орденами Трудогого Красного Знамени и четырьмя медалями, Почетной Грамотой и Грамотой Верховного Совета Казахской ССР, Почетной Грамотой ВЦСПС.
Имеет троих детей, которые создали самостоятельные семьи. К.Б.Бозтаев ведет большую обшественно-политическую работу, является членом ЦК Компартии Казахстана, депутатом Верховного Совета Казахской ССР и областного Совета народных депутатов.
Дважды выезжал в социалистические страны в составе делегации КПСС по обмену опытом партийного строительства. [1, 5б.]
Ал мына құжатта К.Бозтаевтың Семей облысының бірінші хатшылығына тағайындалуы туралы жазылған:
СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН КОМПАРТИЯСЫ СЕМЕЙ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІ
КОММУНИСТИЧЕСКАЯ ПАРТИЯ СОВЕТСКОГО СОЮЗА
СЕМИПАЛАТИНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ КОМИТЕТ КОМПАРТИИ КАЗАХСТАНА
СЕКРЕТНО
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Пленума, протокол №5, пункт 2 от 6 февраля 1987 года
О т. Бозтаеве К.Б.
Избрать т. Бозтаева К.Б. первым секретаерм и членом бюро Семипалатинского обкома Компартии Казахстана.
Внести в ЦК Компартии Казахстана.
Секретарь обкома
Компартии Казахстана ( қол қойылған) П.Савельев
12.02.1987г.
Уч. №1/113
[2.4б]
СПРАВКА
Тов. Бозтаев Кешрим Бозтаевич представляется на утверждение обкома Компартии Казахстана в должности первым секретарем Семипалатинского обкома Компартии Казахстана работает с февраля 1987 года.
Дата рождения: 25 июня 1933 года
Место рождения: аул Акшатау Аягузского района Семипалатинской области Казахской ССР
Национальность: казах
Член КПСС с 1962 года. Партбилет № 15648500
Образование : высшее
Окончил в 1956 году Казахский горно-металлургический институт в городе Алма-Ате.
Специальность по образованию инженер-металлург.
Ученая степень: не имеет.
Какими иностранными языками владеет: не владеет.
Были ли за границей: С 1970 года по н/вр- Италия, КНДР, Польша в составе делегаций КПСС.
Имеет ли правительственные награды: 3 ордена Трудового Красного Знамени, 3 медали, звание «Заслуженный рационализатор Казахской ССР».
Избран ли в состав партийных, советских органов, ведомства (название органа и в качестве кого избран, назначен): член ЦК Компартии Казахстана, народный депутат СССР, депутат областного Сочета народных депутатов, член бюро обкома партии.
РАБОТА В ПРОШЛОМ
08.1951-08.1956 - студент Казахского горно-метталургического института, гор. Алма-Ата.
08.1956-08.1957 - рафинировщик Усть-Каменогорского свинцово- Цинкового комбината им. В.И.Ленина, Восточно-Казахстанская область Казахской ССР.
08.1957-11.1959 - старший плавильшик, старший аппаратчик Усть-Каме-ногорского свинцово-цинкового комбината им.В.И.Ленина, Восточно-Казахстанская области Казахской ССР.
11.1959-02.1966 - мастер цеха Усть-Каменогорского свинцово-Цинкового комбината им. В.И.Ленина, Восточно-Казахстанская область Казахской ССР.
02.1966-12.1967 - технолог, начальник цеха Усть-Каменогорского свинцово-цинкового комбината им.В.И.Ленина, Восточно-Казахстанская область Казахской ССР.
12.1967-04.1973 - секретарь партийного комитета Усть-Каменогор- ского свинцово-цинкового комбината им. В.И.Ленина Восточно-Казахстанская область.
04.1973-06.1982 - секретарь Восточно-Казахстанского обкома Ком- партий Казахстана, гор. Усть-Каменогорск.
06.1982-11.1985 - второй секретарь Восточно-Казахстанского обком Компартии Казахстана, гор. Усть-Каменогорск.
11.1985-02.1987 - председатель исполкома Восточно-Казахстанского Областного Совета народных депутатов Казахской ССР гор. Усть-Каменогорск.
02.1987 - первый секретарь Семипалатинского обкома Компартий Казахстана.
[3, 13б.]
Орталықтың газет қорында Қазақ және кеңес жазушысы, драматург, публицист, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Медеу Сапаұлы Сәрсекеевтің 2009 жылы 13 тамызда «Семей таңы» газетінің №32 санында 4 бетте «Шығыс елі риза саған, Кешірім» атты, Кешірім Бозтаев жайлы өте көлемді мақаласы жарық көрген. Мақалада Кешірім Бозтаевтың өмір баянынан бастап, аты шулы Семей полигонын жабуда көрсеткен қыруар еңбегі туралы жазады.
Мақаладан үзінді келтірсек:
«Ертіс атырабындағы екі обылыста қырық жыл бойы еңбек етіп, артында тұрлаулы істер қалдырған егей тұлғаның бірі- Кешірім Бозтаев. Ол құрған Полигон-29 тамыз қозғалысының Семейде өткен марқұмды еске алуға арналған мерекелік жиынына әр жерден келген қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен дәрігерлер баяндама жасап, естеліктер айтты. Өкінішті жайт: сол жиынға Семей әкімшілігінен бірде-бір жауапты қызметкер қатысқан жоқ. Жұртшылық сұрауымен Семейде бір көше, ал өзі туған Аягөзде теміржолшылар мектебі мен көше аталғаннан өзге шаралар әлі күнге дейін ескерусіз қалып келеді.
К.Бозтаевтың естелігінен: «Комбинат ұжымына, әсіресе жұмыскер қауымға ерекше қарыздармын, сол ортада болған жылдарда азаматтық, адамгершілік ұстаным қалыптасып, қандай жағдайда болсын шындықты айтып, әділдікке жүгіну қажеттілігіне тәнті болдым. Сол жолдан ешқашанда айнымауға бел будым».- деп ағынан жарыла сыр шертеді.
Әділдік үшін жұртқа аса мәлім емес бір жайтты айта кетейін. 50-жылдардың аяғында Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұхамеджан Сужиков республика партия ұйымының пленумында болса керек. Ертіс жағасындағы қала мен оған жақын аудандарда табиғаты беймәлім сырқаттар білінгені, ал жергілікті тұрғындарды емдеу және азық-түлікпен жабдықтау бұрынғыдан да төмендеп кеткенін ашына айтып, әскери сынақтар жиі жүретін аймаққа ерекше назар болуын талап еткен, соның артынша, Н.С. Хрущевқа облком меноблатка болған жағдайды баяндап, көмек сұраған ресми хат та жазыпты... Соған жауап ретінде бес мың шаршы метр құрастырмалы тұрғын үй бөлініп, бір мың тонна қосымша ет босатылған. Бірақ іле-шала облыс ауыл шаруашылық жоспарын орындамады деген сылтаумен ядролық сынақтың зардабын биік мінберден ашына айтқан бірінші хатшы орнынан алынып, басқа қызметке жөнелтілген. Осы жайында «Казахстанская правда» газетінде бертінде жарияланған естелігінде Мұхамеджан Шұжықұлы: «Мен Семейден қуылғаннан кейін екі айдан соң облыс ауыл шаруашылылық тапсырмаларын барлық түрлері бойынша асыра орындады. Менің орныма келген М.П.Карпенко ет жоспарын сонда аң аулап асыра орындаған ба? Дайын асқа тік қасық демеске амалым жоқ... » - деп әжуа еткенін оқығаным есімде).
1989 жылы 14 ақпаны күні Семей іргелесіндегі ядролық полигонында сыналған зарядтың қуаты 70 килотоннан асыпты. «Уақыт» бағдарламасы берген ТАСС хабарында кезекті сынақ сәтті өтті, радиация фоны қалыпты мөлшерден асқан жоқ ... деген ежелгі уәж айтылды. Ал шындығында біздегі экологиялық жағдай мүлдем басқаша болған сынақ жасаушылар жел бағытының теріскейден оңтүстікке қарай соғуын күтіп алып (өйткені күшті жарылыс кезінде жер жұлығынан бұрғылап шығатын зиянды газдар түстік атыраптағы аудандар жеріне тарайды, ал ол жақта ешқандай бақылау жоқ, демек көзге көрінбейтін, иісі сезілмейтін газды ешкім елеп-ескермейді, ауыр зардабы оның көп уақыттан соң білінбек), зарядты жарады; жойқын жарылыстан Семейдегі, жарылыс алаңынан 150 шақырымдай қашықтағы үйлердің терезесі дірілдеп, кейбірінің сылағы түсіп, қабырларында сызат пайда болады... Семей тұрғындары бұған үйренген, құдай сақтасын деп бісмілласын іштей айтып тыныш отыра береді.
Алайда әскерилер сол күні есептен оңбай шатасыпты. Бағытын кілт өзгерткен долы жел жеті қат жер астынан сызат тауып үстіге ұмтылған газды Ертіс жағасына қарай айдаған. Ажал сепкен қатерлі бұлт Семейді, Ертіс бойы ғана емес, құлынды даласын емін-еркін шарлап, Алтай өлкесіне жетеді. Нәтижесінде радиация фоны 3000-4000 микрорентген көтеріледі (ауадағы табиғи деңгей 15-20 микрорентген шамасы). Полигон қызметкерлері тұратын Курчатов қаласындағы аспаптар екі тәулік бойы үйдек-түйдек келіп жатқан газды көрсетуден жаңылмаған. Бірақ полигон басшылары қауіпті жағдаятты жұртқа білдірмей құпияда ұстайды. Бәлкім ауа толқыны сансыз сапырылысу үстінде ту алысқа, ия ғарышқа ұзатып әкетер... деген бәз-баяғы есекдәме үмітке малданған? Шынтуайтын айтқанда, бұндай кесепат бұрын да болған (1987 жылғы 18 жарыста көрінбейтін газ бұлты Семей қаласын алты рет тұмшалапты, келесі жылғы сынақта екі мәрте солай болған. Облыс атырабында соны бір адам сезбепті )...
Дегенмен, әскерилер ортасында бұл қатерге жаны ауырып, азаматтық парызын өтеуді жан деп білген арлы жандар бар болып шықты. Бұған да тәуба делік. Ертіс жағасындағы Шаған елді мекенінде орналасқан, полигон басшыларына бағынбайтын әскери бөлімнің командирі генерал –майор П.Т. Бредихин өздеріндегі аспаптар тіркеген қатерлі деректі Кешірім Бозтайұлына телефонмен хабарлайды. Обком хатшысы нақты жағдайды полигон басшыларынан ежіктеп сұраса, олар радиация фоны қалыпты межеден асқан жоқ деген ежелгі «ертегілерін» қайталайды. Бірінші хатшы экологиялық бақылауды бұдан былай өз назарында ұстайтындығын, еңбекшілердің хал-ахуалын, денсаулығын сақтау- партия комитеті үшін мүдделі іс екендігін ескертеді. «Дұрыс айтасыз жолдас Бозтаев! Біз де сол үшін жұмыс істеп отырмыз, қатерлі жағдай туса өзіміз де сізге бірінші кезекте хабар береміз... »-дейді полигон бастығы генерал А.Д. Ильенко титтей де шімірікпестен. Арада алты тәулік өткен соң, яки 18 ақпанда жарылыс қайыра жасалады, сірә әскерилер 150 килотонн мөлшеріне дейінгі ең күшті зарядтар сынағын тездетіп бітіруге асыққан. Асыққан кезде шалағайлық косақталып бітіруге асыққан. Асыққан кезде шалағайлық қосақталып жүретіні ежелден мәлім, зарядтың үстінгі бетін бетонмен бекіту үстірт жасалғандықтан тарақ ұйқыдан сызат тапқан Ертіс жағасына жетеді. Шағандағы аспаптар радиация фоны қалыпты мөлшерден жүздеген есеге артқанын көрсетеді. Бұл жолы олар тиісті құжат жасап, газдың әр сағат сайынғы мөлшерін хаттаған кестені Семейге жеткізеді. Курчатов зерттеушілері күллі әлемге ежелгі өтіріктерін қайталайды. Семей обкомына ауада болмашы мөлшерде газ білінді, бірақ ол сыпыра инертті (бейтарап, зиянсыз) газдар деген ақпарат береді.
«Ақпандағы жарылыс біздің төзімімізді біржола жоқ етті. Ішімізді тырнаған кек пен ашу белсендірек әрекет жасауға түрткі болды. Шынында да түк көрмегенсіп, ештеңе естімегенсіп жайбырақат қарап отыруға болмайтынын ұқтық. Мұндай әшкере айғақты ел қамына жаратпау кешірілмес күнә болар еді, әрдайым жалған ақпар беріп, жергілікті халық басшылығын да көпе-көрінеу елемеген әскерилерге қатаң сабақ болатын тойтарыс беру қажеттігін айқын сездік »- депті Кешірім Бозтаев сол күні өзін толғандырған көпті мәселе жайында «Семей полигоны» кітабында. (Марқұмның бұдан өзге «Қайнар синдромы», «29 тамыз» атты кітаптары бәрі бертінде олар Германия мен Жапонияда жарияланды. Барлығы да ядролық полигонмен тайталас тарихын, туған ел басынан кешкен қасіретті талдап, радиация зардабын тезірек жою шараларын тебірене сөз етуге арналған.)»- деп ашына жазады өз мақаласында жазушы Медеу Сәрсеке атамыз. [4, 4б.]
1990 жылы 20 наурызда СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М. Горбачевтің атына ашық хат жолдап, Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың тоқтатылуын талап еткен тұңғыш азамат. (Хаттың түпнұсқа көшірмесі мақаланың соңында берілген).
Кешірім Бозтаев – Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау» туралы Заңының, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен тұрғындарды медициналық оңалту бағдарламасының авторы.
1996 жылы Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлерімен бірге Халықаралық «Полигон – 29 тамыз» қоғамдық қайырымдылық қорын құрды. 2002 жылы бұл қор БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінде консультативтік статусқа ие болды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. 1997 жылдан Ұлттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу академиясының (Мәскеу) толық академик – мүшесі, «Экология» халықтық академиясының академигі, Семей мемлекеттік медициналық академиясының Құрметті профессоры, Семей қаласының Құрметті азаматы.
Халқы үшін аянбай маңдай терін төккен ірі тұлғаның есімі болашақ ұрпақ үшін үлгі өнеге, ол кісінің еңбегі әрбір Семейліктер үшін мәңгі есте қалу тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «ҚЗТҚО» КММ Қор. 103п, т. 71, іс. 35, б.5.
2. «ҚЗТҚО» КММ Қор. 103п, т. 71, іс. 35, б.4.
3. «ҚЗТҚО» КММ Қор. 103п, т. 71, іс. 35, б.13.
4. «ҚЗТҚО» КММ «Семей таңы» газеті 2009 ж, 20 тамыз, №32.