Аударма ісінің шебері Мұрат Сұлтанбеков 85 жаста

Ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, педагог, филология ғылымдарының кандидаты абайтанушы ғалым, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбеков 85 жаста.

1938 жылы 28 қаңтарда Семей қаласында Сұлтанбеков Мұрат Рақымжанұлы қарапайым отбасында дүниеге келген. Оның өлең жазуға қабілеті бала кезінен бастау алған. Жасөспірім шағында алғаш өлеңдері жазыла бастайды.

Жүз жылдан аса тарихы бар Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының архив қорында құнды құжаттар арасындағы бірегейі бұл жеке текті қор. Осындай қордың ең бірегейі ақын аудармашы Сұлтанбеков Мұрат Рақымжанұлының қоры. Мұрат Рахымжанұлының қазақ халқының драматургиясын, мәдени мұрасын өңірлік және жалпы республикалық дамытуға қосқан үлесі орасан зор әрі құнды. Оның өлеңдері республикалық, облыстық және қалалық газеттер мен журналдардың беттерінде жарияланады. Ол оннан астам кітаптың авторы. Бұл "Новые стихи", "Иртышский остров", "Чайки Прииртышья" өлеңдерінің жинақтары, "Хан Абылай және оның батырлары" брошюрасы, "Поэтическое вдохновение: Абай, Шакарим и Мухтар", "Синий меридиан. Алашорда. Атила ", "Абай и Шакарим в ХХІ веке".

Мұрат Рахымжанұлы аудармашы ретінде кеңінен танымал. Оның есебінде Ақылбай Құнанбаевтың "Дағыстан" кітабы, Абайдың "Безветренной ночью луна" өлеңдер жинағы, Шәкәрімнің "Казах в зеркальном отрожении", Ә.Нұршайықовтың "Письма Алиме" және т. б. шығармалары аударылған.

Ол драматургта болды. Оның Абай атындағы Семей қазақ музыкалық-драма театрында және Ф. М. Достоевскийдің орыс драма театрында "Русло жизни", "Жұлдызды аспан" - "Звездное небо" пьесаларының қойылымдары халыққа ұсынылды. Мұрат Рахымжанұлы қазақ авторлары М.Ибраевтың "Шәкәрім", Қ.Мұхамедхановтың "Комиссар Ғаббасов", Б. Мұқаевтың "Дүние кезек" сияқты орыс тіліне аударған пьесалары мен комедиялары осы театрлардың сахналарында бірнеше рет қазақ және орыс тілдерінде қойылды.

"Абай" журналында, республикалық және Семей қалалық журналдар мен газеттерде жарияланған көптеген өлеңдер, поэмалар, очерктер, шолулар, мақалалар М. Сұлтанбековтың қаламынан жазылып тұрды. Мұрат ағамыз 1963 жылы Тынық мұхитта (Приморье) аға матрос болып әскери борышын өтеп келген кезіндегі өлеңі жастарға үлгі болатындай....

Дәстүр жалғасады

Традиция продолжается

Оралдым....

Әскердегі борышымды орындап,

Тынық мұхит дауылын артқа тастап.

Флот әндерін орындаумен тік басып,

Үйге деген оймен келем, жарқылдап.

 

Онда ұйқы шошынатын дабылдан.

Бүкіл флот ұшып тұрар атойдан.

Міне енді дамылсыз менің жолым

Ит секілді, қақпамды иіскеп жатқан.

 

Терезені қағып жатыр қызыл тал,

Мейірімді балалар да салып қал,

Қайран анам көрседағы, қарашы,

Сенбейді ғой, түсіндей боп бұл амал....

 

Біздің жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, танымал шығармалардың авторы Мұрат Сұлтанбеков шығармашылығының ерекшелігі-ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жақсы жазады, сол арқылы ол қазақ әдебиетінің туындыларын басқа елдерде тарату ісіне елеулі үлес қосады.

Абай облысы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қорына Мұрат Рақымжанұлы Сұлтанбековтың жеке текті құжаттары 2011 жылы тұрақты сақтауға келіп түсті. Құжаттарға №1602 қор номері берілді. Құжаттар екі тізімдемеден тұрады. 55 (елу бес) сақтау бірлігінен тұратын құжаттар төрт бөлімге бөлініп тұрақты мемлекеттік сақтауға алынды. Құжаттар қор құраушының шығармашылық құжаттары, яғни өлеңдері, поэмалары, пьесалары, очерктері, монографиялары, мақалалары, баяндамалары, аудармалары, газетке жарияланған жазбалары, өзінің өмір баянынан сыр шертетін құжаттар, мерей той және құттықтау қағаздары, жеке фото құжаттары. Сақталған құжаттардың қазіргі кезге дейінгі жай күйі өте жоғары деңдейде сақталғанын көруге болады. Мұрат Рақымжанұлының мұрасы зерттеушілер үшін аса құнды. Жазушының қыл қаламынан туындаған еңбектері болашақ ұрпаққа мирас болып қалатыны сөзсіз.   Аудармашы, жерлесіміз Мұрат Рақымжанұлын архивтің досы деп санаймыз, олай дейтініміз өзінің бай мұрасын жинақтап, өскелең ұрпаққа қалдыру үлкен іс.

Ақын, әдебиетші, ғалым-абайтанушы және аудармашы М.Сұлтанбековтың 85 жылдық мерей тойы қарсаңында тақырыптық фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды. Мұрат аға үнемі архив қызметкерлерімен өте тығыз байланыста болды.

Сондықтан Абай облысының архившілері Мұрат Рақымжанұлын осынау 85 жылдық мерейлі тойымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейді!

Болашақта Мұрат Рақымжанұлы Сұлтанбеков пен Семей архившілерінің арасындағы алтын көпір жалғасын тауып, аудармашы-ақынның жеке текті қоры әрі қарай толықтырылады деген сенімдеміз.

Л.Қадырова «ҚЗТҚО» КММ құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы