Кәсіподақтар жүйесіндегі Әлеуметтік серіктестік институтының мәні мен мағынасы

Жалпы Әлеуметтік серіктестік дегеніміз - еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделер ортақтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысшылар (қызметкерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері) және мемлекеттік органдар арасындағы қатынастар жүйесі. Әлеуметтік серіктестер кез-келген келісіммен байланысты бірлескен іс-әрекеттің қатысушылары ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы дамып келе жатқан қатынастарға сәйкес өзара қатынастар орнататын тараптар.

Қазақстанда әлеуметтік серіктестіктің дамуының негізгі тенденциялары, нарықтық жағдайдағы кәсіподақтардың іс-әрекеттері, Тәуелсіз кәсіподақтардың пайда болуы, Еңбек заңының дамуы, Еңбек келісім-шарты: ұжымдық және жекелік біртіндеп дамып келе жатқаны және  қолданысқа ие болғанын көруге болады. Бұл дегеніміз әлеуметтік серіктестіктік институтының қалыптасып келе жатқанының бірден бір көрінісі.

Яғни, Кәсіподақтар әлеуметтік серіктестік жүйесінің институты ретінде, жұмыскерлердің мүддесін ұсынушы, қорғаушы институт ретінде, азаматтардың экономикалық тұрмысын жақсартушы, әлеуметтік-еңбектік қатынас дамуына қатысушы әлеуметтік серіктестіктің субъектісі болуы тиіс. Әлеуметтік серіктестікті топтастырудағы кәсіподақтардың атқаратын қызметтері орасан зор.

Кәсіподақ бірліктің тірегі. Әлемде ең бірінші кәсіподақ құрылғалы 200 жылдан астам уақыт өтті. Сол уақыттан бастап кәсіподақ ұйымының өміріміздің жақсаруына, қоғамның ілгері қарай жылжыуына ықпалы мол болды. Бұл үрдіс шет мемлекеттерде өте жақсы жолға қойылған. Осындай үрдіс біздің тәуелсіз Қазақстанымызда да дамып, ақырындап буынын қатайтып келе жатыр. Бұған айғақ 2014 жылы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ХХІІІ съезінде өткен кәсіподақтар ұйымының жаңа Заңы бекітіліп, бүгінде өз күшіне еніп отыр. Бұл жаңа Заң кәсіподақ ұйымының дамуында алға қарай қадам жасауының алғы шарттарын белгілеп берді.

Елімізде еңбек қатынастары тек жұмысшы мен жұмыс берушінің ара­сында ғана жүрмейді. Оған мем­лекет те араласып отырады. Мұны әлеуметтік серіктестік жүйесі деп атай­ды.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы ұжымның белсенділігін арттыру үшін көптеген мәселелерді қарастырды. Ол дегеніміз Еңбек заңына сүйене отырып жасалған ұжымдық келісім шарт. Келісім шартта ұжым мүшелерінің жұмыс барысын жеңілдетіп, қызметкерлердің қызығушылығын тудырып отырады. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер ұжымы арасындағы еңбек келісімдерін реттеу жөніндегі ұжымдық еңбек шарты 9 бөлімнен тұрады жұмыс беруші мен кәсіподақтың атқаратын міндеттері, жұмыс уақытының, үзіліс уақытының белгіленуі, ай сайынғы еңбек жалақысын уақытында алуы, еңбекті және денсаулықты қорғау, техникалық қауіпсіздікті сақтау, ұжымдағы еңбек тәртібін қадағалау, ретке келтіру Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін басшылыққа алу, келісім комиссиясының жұмысы т.б. көрсетілген.

Кәсіподақ еңбек ұжымдарының ажырамас бөлігі деп айтсақ артық емес. Біздің мекемеде ұжымда барлығы 55 адам қызмет жасайды, бұл азаматтардың барлығы кәсіподақ мүшелері. Ұжым таңнан кешке дейін бір сарында жұмыс жасай бермейді. Республикамызда аталып өтілетін мерекелік шаралардың барлығына дерлік ат салысамыз. Атап айтсақ Жаңа жыл мерекесі, Халықаралық әйелдер күні мерекесі, Наурыз мейрамы, Ұлы Жеңіс күні, Отан қорғаушылар, Балаларды қорғау күні, Қарттар күні, атаусыз қалған емес. Әр мереке сайын ұжым өздерінің бойындағы түрлі өнерлерін көрсететін  мерекелік кештер ұйымдастырамыз.  Бұрын архив ісіне еңбектері сіңген, қазір құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлерімізді, сонымен қатар зейнет жасына келіп  қоштасып кетіп жатқан қызметкерлерімізді, бағалы сыйлықтарымызды беріп қуанышпен шығарып салып жатамыз. Жыл сайын табиғат аясында жазда Бейбітшілік аралына барсақ, қыз мезгілінде Шаңғы тебу базасына барып демалып қайтамыз. Қалалық сенбіліктерге қатысу ұжымның басты міндеті болып табылады. Қаламыздың игілігі үшін ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға бір кісідей қатысу ұжымда үлкен жолға қойылған. Осы өткізіліп жатқан игі іс шаралар қазіргі аумалы төкпелі заманда адамның көңіл күйін көтеру барысында, белсенді жұмыс атқаруына бірден - бір себеп.

Әрине «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Сондықтан мұндай аталмыш іс шараларға ұжым болып ат салысқанымыз нұр үстіне нұр.

Шағын ұжымда жасалып жатқан игі істер жылдан жылға қарқынды даму үстінде. Бұған демеу «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесе жасаған еңбектің жемісі.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Қ.Кадырова