







Абай облысының мемлекеттік архивіне 105 жыл
2025 жылы 31 наурызда Семей қаласының "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ – де АОМА-нің 105 жылдығына арналған «Тарихты адамдар жасайды, ал архившілер сақтайды» - «Историю создают люди, а хранят архивисты» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс - шараға Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау, архив ісі және құжаттама бөлімінің басшысы К. Б. Джуханова, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау, архив ісі және құжаттама бөлімінің бас маманы Е. К. Саятов, Абай облысы мемлекеттік архиві директоры Б.Т. Мусин, Абай облысы мемлекеттік архиві директорының орынбасары М. И. Перебеева және АОМА бөлімдерінің басшылары; "Ертіс өңірі" өлкетану қоғамының төрағасы М. Е. Сасанов, "Ертіс өңірі" өлкетану қоғамының мүшесі П. Н. Жуков, "Alikhan Bokeikhan university" білім беру мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы А. Ш. Занканова қатысты.
Кіріспе сөзінде АОМА директоры Б. Т. Мусин қонақтарға көп жылдық ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді, құжаттық мұраны насихаттау мен сақтаудың маңыздылығын, оларды цифрландыру жағдайында пайдалануды күшейтуді атап өтті.
Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы Б.Е. Майкенова қонақтарға ҚР ҰАҚ құжаттарының электрондық бейнелерін есепке алуға және сақтауға, ақпарат беру бойынша үдерістерді жеделдетуге арналған "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі туралы айтып берді.
Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.К. Мұқатова архивте құжаттарды цифрландыру барысы туралы хабарлады.
М.И. Перебеева қатысушыларға "Архив 2025" кешенді жоспары аясында АОМА шығарған жинақтарын көрсетті. Ол архивтік құжаттар отансүйгіштікке тәрбиелеу және Отан тарихына құрмет көрсету үшін негіз болып табылатынын атап өтті. Жаңа дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу шетелдік архивтерді зерделеуге керек екендігін, оның қажеттілігін мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында атап өтті.
Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің архившісі Н.В. Яковлева азаматтық соғысқа, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және Қазақстанның белгілі жазушыларының жеке текті қорларын жинақтау туралы айтып берді.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова көрмелерді, жарияланымдарды, өңірлік және халықаралық деңгейдегі іс-шараларда баяндамаларды дайындау кезінде архивтік құжаттарды пайдалану жөніндегі жұмыстармен таныстырды.
М.Е. Сасанов архившыларды айтулы күнімен құттықтап, "Ертіс өңірі" қоғамының 20 жылдығына орай шығарылған өлкетануды дамытуға қосқан үлесі және Ертіс өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі белсенді қызметі үшін Н.В. Яковлеваға «Признание заслуг» медалін табыс етті.
Қонақтарға бірлесіп жұмыс жүргізгені үшін алғыс білдіріп және шығармашылық табыс тілеп, "Семей Ертіс өңіріндегі тың және тыңайған жерлерді көтеру, ХХ ғ.20-50 жж." жинақтары табыс етілді.
Дөңгелек үстел АОМА тарихы туралы деректі фильмді көрумен және "Абай облысының мемлекеттік архивіне 105 жыл" фотоқұжаттық көрмесін таныстырумен аяқталды.