Мемлекеттік архивке 105 жыл

Абай облысының мемлекеттік архивінің 105 жылдық мерейтойының қарсаңында Жарма филиалының архившілері Қалбатау ауылының мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлеріне дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қалбатау ауылдық округі әкімі аппаратының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлім басшысы Сабалаков Талғат,  ХҚКО басшысы Табулдинов Дастан және АХАЖ бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Филиал директоры Бекказы Айтказинович Рахимов Қазақстандағы ең көне архивтердің бірі, қазіргі «Абай облысының мемлекеттік архиві» деп аталатын Семей қаласының мемлекеттік архивінің 105 жылдық тарихымен  таныстырды. Қазіргі уақытта архивтегі дереккөздері туған өлкеміздің зерттеушілеріне мәлімет алуға үлкен көмек көрсетуде екенін білді.