







18 наурыз күні "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ - де Наурызнаманың онкүндігі аясында «Ұлттық киім күні»- «День национальной одежды»" аталып өтілді. Бұл күні архив қызметкерлері ата-баба дәстүріне құрмет көрсетіп, ұлттық киімдер киді.
Мемлекет басшысы Қ. - Ж. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінде: "Қоғамда ұлттық киімге деген қызығушылық артты, оны мектептер мен басқа да мекемелерде кие бастады… Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп үйреншікті жағдайға айналады, өте үйлесімді және керемет, әсіресе әйелдер ұлттық киімде әдемі көрінеді".
Мемлекеттік архивтің негізгі міндеттерінің бірі патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи мұраны дәріптеу болып табылады.
Ұлттық киім этникалық бірегейлікті айқын көрсетеді, өз даралығын киім арқылы білдіруге, Қазақстанның бірлігі мен мәдени әртүрлілігін қолдауға мүмкіндік береді, әртүрлі жастағы адамдарды біріктіреді, ұлттық дәстүрлерге деген өзара түсіністік пен құрмет қалыптастырады.
«Ұлттық киім күні» - «День национальной одежды» Абай облысы мемлекеттік архивіне көктемнің жарқын түстерін және жақсы көңіл-күй әкелді.