Аягөз филиалында өткен Наурыз мейрамы

2025 жылғы 17 наурызда Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалында «Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлттық киім күні» өткізілді. Аягөз филиалының ұжымы ұлттық нақышта киінді. Фотосессия өтті. Наурыз мерекесіне орай қонақтарға тәтті тағамдар ұсынылды. Ниет білдірушілер керемет бауырсақтардан және басты тағам - Наурыз көжеден дәм татты.

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалының басшысы Қанағат Селеубаевич Куренкеев ұжым қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалының ұжымы баршаны мерекемен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, игі ісімізге шабыт тілейді.