







12 наурызда Семей қаласының "Innovative college" мекемесінде "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында және " Әлеуметтік серіктестіктің сапалы мамандарды даярлаудағы ықпалы" атты облыстық коучинг бағдарламасын іске асыру мақсатында кәсіби кадрларды даярлаумен айналысатын колледж оқушылары мен әлеуетті жұмыс берушілердің кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты-жастардың кәсіби дайындығын жақсарту, колледж бен әлеуметтік әріптестер арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнату, оқу бағдарламасын жетілдіру, тәжірибеден өту және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту.
Іс - шараға Абай облысы ішкі саясат басқармасының өкілі А. Е. Гапуов, Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы А. М. Мұратов, "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ өкілі А. К. Мұқатова, "Жарқын Болашақ" түзету енгізу орталығының атқарушы директоры, "Abai IT Valley" ЖШС директоры Б. А. Наурызбаев, Alikhan Bokeikhan University заң клиникасы өкілі С. Б Кенжебаева, Семей қаласындағы "Forte bank" филиалының директоры С. С Наурызбаева қатысты.
Іс-шара соңында колледж директоры Н. М.Карипжанова қонақтарға алғыс хаттар табыс етті.