







8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара
07.03.2025 ж. Аягөз қаласы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға ауданымыздың еңбекқор нәзік жанды азаматшаларын Аягөз ауданының әкімі Шакаримов Данияр Кайырханұлы қажырлы еңбегі үшін алғысын білдіріп, жұмыста табыс, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, отбасыларында бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Аталмыш іс-шарада филиалымыздың архивисті Кенжебекова Жанар Оразовна алғыс хатпен марапатталды.
Аягөз филиалының ұжымы еліміздің барлық нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтайды. Әрбір саладағы жұмыс қуаныш пен қанағаттылық әкеліп, біліммен және өмірлік даналықпен байытсын деп тілейді.