8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

7 наурыз күні Жарма филиалының директоры Б.Рахимов ұжымның әйелдер қауымын көктемгі, нәзік мереке-8 наурыз күнімен құттықтады. Ол тек қуаныш пен амандық тілеп қана қоймай, әрқашан әдемі және табысты болып қала бергенді тіледі.

Сонымен қатар, филиал әйелдері 8 наурыз әйелдер күні мерекесіне арналған Аудандық мәдениет үйінде, аудан әкімі өткізген іс-шараға қатысты. Іс-шараны аудан әкімі Н.Борсықбаев құттықтау сөзінен бастап, ауданымыздың бірқатар сұлуларды алғыс хатымен марапаттады. Жарма филиалының архившісі Моллахаджиева Гульбахар Максутовна аудан әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.  

Мерекелік іс-шара мәденит үйінің әртістерінің концертімен жалғасты.