







Жыл сайын 1 наурызда Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) бастамасымен әр елде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге, сондай-ақ халықтың және азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
Бұл күн Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен жыл сайын жаңа ұранмен өтеді. Ағымдағы жылы іс – шара ұраны "Азаматтық қорғаныс-халық қауіпсіздігінің кепілі".
5 наурызда "АОМА" КММ-де архив қызметкерлеріне арналған тақырыптық дәріс өтті, оның мақсаты халықтың төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру болды. Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны және басқа да табиғи апаттар кезіндегі әрекеттерге ерекше назар аударылды.