2025 жылғы 6 наурызда "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ ұжымның жалпы жиналысы өтті, оның барысында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі «Дін мәселерін зерттеу орталығы» маманы М.М. Жайдарбеков "Дін және қоғам, деструктивті діни ағымдар. Діни экстремизм және терроризм" тақырыбында  дәріс оқыды.

Іс-шараның мақсаты АОМА қызметкерлерін ҚР-дағы діни ахуалмен, Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынған ұйымдармен таныстыру болды.

Деструктивті діни ағымдар-бұлар өз ізбасарларының санасы мен еркіне толық бақылау орнатуға ұмтылатын діни немесе жалған діни (имитациялық діни) ұйымдар.

Әлеуметтік желілер-бұл ең тиімді және кең ауқымды өз орталарына  жинау құралы. Сондай-ақ, өз орталарына  жинау салаларының бірі-спорт, әсіресе күрес, бокс және жекпе-жек. Осы негізде балалар үйлері, дағдарыс орталықтары, қарттар үйлері мен мүгедектерге көмек көрсету орталықтары, пенитенциарлық мекемелер осал болып табылады.

Бұл жағдайда мақсаттар әртүрлі болуы мүмкін, шынайы діни құндылықтардан қарапайым ауытқудан бастап, сол арқылы басқарудың теократиялық формасын құру мақсатында мемлекеттік төңкеріске дейін өзімшіл идеяларын енгізуге жағдай жасайды.

Лектор деструктивті діни ағымдарға кіру қаупін болдырмау үшін келіп түскен ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау қажет екенін атап өтті.