







Тәбәріков Сейтмұхамет (1928-2016) Семей облысының Абралы ауданында дүниеге келген. Владивосток педагогикалық институтын аяқтаған соң, еңбек жолын туған жерінен бастайды. Ұзақ жылдар бойы ауыл мектептерінде мұғалім боп қызмет жасайды. С.Тәбәріков 25 жыл Новошульба аудандық атқарушылық комитетін басқарды. Сонымен қатар Семей облысының Ақсуат, Шұбартау аудандарында басшылық жасады. Он бес жыл ішінде С.Тәбәріков жеті кітап жазды. Оның барлығы тарихи деректерден сыр шертеді. Олар: «Течение времени» – об Абае, Шакариме и их современниках, «Жанақ Ақын». Екі шығармасы «Семей таңы» газетінің редакторы Маннан Тұрғанбаевқа арналады.
80- жылдары Абай Құнанбаевтың шығармашылығы, өмір баянын зерттеумен айналыса бастайды. С.Тәбәріков бір қатар зерттеулерін жазды. «Кенженің білігі», «Уба форпостағы Абай ұрпақтары», «Ақын Жанақпен Абай».