2025 жылғы 20-21 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві негізінде "Е-Архив" ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі Комитеті төрағасы Р. Али, Қазақстан Республикасы Архив істері мен құжаттаманы  басқару Комитетінің мемлекеттік саясат және нормативтік құқықтық реттеу басқармасының басшысы С.Н. Тащанова, облыстық мемлекеттік архивтердің өкілдері және архив саласына жетекшілік ететін жергілікті билік органдарының қызметкерлері қатысты.       

Семинарда "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ қор бас сақтаушысы М. Т. Исенова және толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы Б. Е. Майкенова болды.

Семинар барысында электрондық құжаттарды ЭҚАБЖ-дан "Е-Архив" АЖ "Ведомстволық архив" модуліне көшіру мәселелері қаралды, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының архившілері АЖ-дағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. "IServ" ЖШС мамандары жүйені пайдаланушыларға электрондық құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оларды мемлекеттік сақтауға беруді ұйымдастыру бойынша дәріс жүргізді.

Семинар тыңдаушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жаңа модульмен танысты. Бұл модульге архивтерде сақталған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құжаттары негізінде ақпарат енгізілетін болады.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта тақырыптық семинарлар өңірлік қағидат бойынша өткізілетінін хабарлады.

Семинарға қатысушылар ведомстволық архивтермен жұмыс жасауға, архив саласында ақпараттық технологияларды енгізуге жауапты мемлекеттік архив қызметкерлері үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда "Е-Архив" АЖ жұмысын техникалық қолдауды қамтамасыз ететін мамандар үшін осындай іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.