







2025 жылдың 20 ақпанында "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ-не "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ гуманитарлық факультетінің студенттері келді
Студенттер Семей қаласының Құрметті азаматы Қ.Сакиеваға арналған "Сахна санылағы К.Сәкиеваның туғанына 105-жыл" дәрісін тыңдады.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова біздің атақты жерлесіміз әнші, актриса, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Абай атындағы Семей облыстық қазақ музыкалық - драма театрының әртісі өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап берді.
Қонақтардың назарына Күләш Сырымбетқызының өмірі мен шығармашылығына арналған фотоқұжаттық көрме ұсынылды.
Дәстүр бойынша іс-шара архив қоймасына экскурсиямен аяқталды. Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің архившісі Қ.Ғ.Әбдікәкім қонақтарға АОМА қорлары және құжаттарды сақтау шарттары туралы айтып берді.