"Өткеннен болашаққа: тарих және география әлемі"

2025 жылғы 10 ақпанда "Alikhan Bokeikhan university" ББ гуманитарлық факультетінің "Тарих және география" кафедрасында "Өткеннен болашаққа: тарих және география әлемі" апталығының ашылуы өтті.

Іс-шараға "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова қатысты.

 Ол студенттерге "Әлихан Бөкейхановтың Семейдегі қызметі архив деректерінде" тақырыбында дәріс оқып, Алаш-Орда төрағасы А.Бөкейханов қол қойған, АОМА қорларында сақталған құжаттары ұсынылған презентацияны көрсетті.

Ұйымдастырушылар Л.К.Қадыроваға алғыс білдіріп, тақырыптық аптаға белсенді қатысқаны үшін "Алғыс хат" табыс етті.