2025 жылдың 6 ақпанында "Семей" телеарнасына Абай облысының мемлекеттік архиві ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова сұхбат берді.

 Ол көрермендерге қаламыздың оң жағалауында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы көшенің тарихы туралы айтып берді. 1878 жылдан 1928 жылға дейін көше Облыстық деп аталды. 1928 жылдан бастап Максим Горький атындағы көше болып өзгертілді.

1993 жылы көше Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының құрметіне қайта аталды.