2025 жылы  27 қаңтарда  Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының  "Абай облысы мемлекеттік архиві " КММ -де  "№4 арнайы мектеп-интернаты" КММ  8-10 сынып оқушылары болды.

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова архив  қабырғасында қонақтарды қарсы алып, ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жұмысы туралы айтып берді.

Архивші  В. А. Середина архивтің  ғасырлық тарихы туралы, архив қорының бірінші меңгерушісі Н.Я.Коншин, АОМА-да сақталған мыңдаған қорлар туралы баяндап, презентация көрсетті, 1873 жылғы метрикалық кітап, 1917 жылы шыққан газеттермен таныстырды.

Архив қоймасына шолу экскурсиясын М. Б. Карандашова өткізіп, оқушылардың назарына аса құнды құжаттарды ұсынды және архив  қорларын сақтау шарттары туралы айтып берді.

Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.К. Мұқатова архивтік  құжаттарды цифрлық форматқа көшіру үшін қолданылатын заманауи жабдықтардың жұмысын көрсетті.

Архивші А. Е. Ахметов қонақтарды ескірген техника музейімен  таныстырды.