2025 жылдың 4 ақпанында "Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ Абай облысының мемлекеттік архивінің құрылғанына 105 жыл толуына орай "Семей медициналық университеті" КЕАҚ студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова қонақтарға "Сөздің ұлысы-тарих" тақырыбында дәріс оқыды.

Ол кездесу соңында "Құжаттармен жұмыс жасай отырып, сіз біздің ата-бабаларымыздың өмірін, белгілі бір тарихи оқиғаларды тереңірек зерттей аласыз, әйтпесе өткен оқиғаларға көз жүгірте аласыз. Архив-ғасырлар бойы жинақталған Семей Ертіс өңірі тарихының қоймасы, қала мен облыстың қоғамдық, саяси, мәдени өмірінің бірегей материалдары сақталатын баға жетпес бұлақ", - деп өз сөзін аяқтады.