Қабдырахман Ақатайұлы Самаевты велокөлікпен марапаттау туралы анықтама, 1945 ж.
Неміс автокөлік өндірушісі «Phänomen» компаниясының тарихы 1888 жылы Циттау қаласында басталады. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін зауытта велосипедтер, мотоциклдер, мопедтер, сондай-ақ пошта тасымалдап, такси қызметінде пайдаланылған үш және төрт дөңгелекті феномобильдер шығарылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында зауыт қосымша майдан үшін жеңіл және жүк автокөліктерін шығаруға көшті. 9 мамыр күні Циттау қаласына кеңес әскерлері кіріп, соғыс кезінде зақымданбаған әрі толық жұмыс істеп тұрған зауытты өз бақылауына алды. Соғыстан кейінгі алғашқы кезеңде кәсіпорын автокөлік өндірісімен қатар Кеңес Армиясының техникасын жөндеумен де айналысты.