







Мемлекеттік Орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімінің құрметті мүшесі Борис Георгиевич Герасимовтың билеті, 1928 ж.
1902 жылы 31 наурызда Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің ресми ашылуы өтті. Семей бөлімшесі 97 құрылтайшы мүшесі болған негізінде ашылды. Бөлім мүшелерінің бірі өлкетанушы ғалым, православиелік діни қызметкер Герасимов Борис Георгиевич болды.