Жариялымдар / БАҚ мақалалары

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрі

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрін «Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві» Республикалық Мемлекеттік Мекемесі, орталық  мемлекеттік архивтер, облыстардың, қалалардың, аудандардың  мемлекеттік архивтері және олардың филиалдары көрсетеді.  Осы тұрғыдан Семей қаласының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетуде тынбай еңбек етіп келеді. Ең негізгі атқаратын қызметіміз - бұл мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, жеке және заңды тұлғаларға архивте сақталған құжаттар негізінде әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау, құжаттардың көшірмелері мен архивтік анықтамалар беру. Өтініштерді қабылдау және оны тіркеу әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің қызметкері арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде беріледі.

Архивке  жыл сайын 9000-ға жуық сұраныстар түседі. Олар ТМД елдерінен, шет мемлекеттерден, www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы түскен сұраныстар. Олардың ішінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен түскен Ресей Федерациясы Зейнетақы қорлары басқармасы азаматтардың бір-екі жылдың көлемінде алған архивтік анықтамаларын қайтадан тексеру үшін жіберіп отырады.
www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы түскен сұраныстарда көрсетілетін қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына барып берген сұраныстарда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 1-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша толтырылмаған өтініштер архивтік анықтаманы орындауда үлкен қиындықтар туғызады. Сол себептен өтінішті дұрыс толтырып, құжаттарыңыздың көшірмесін бірге жіберулеріңізді сұраймыз. Еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда, жұмыс істеген мекемеңіздің толық атауын, қай жылдары еңбек еттіңіз, жұмыс істегенде тегіңіз кім болғанын көрсету керек. Сұраныс жасаушының мүмкіндігінше толық ақпарат берулерін сұраймыз. Веб порталы арқылы 1 адамның сұранысы бірнеше рет қайталанып түсіп жатады.

Әлеуметтік құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінде 8 маман жұмыс жасайды. Олар - жоғары білімді, өз саласының білгір, тәжірибелі қызметкерлері. Өтініш берушімен сыпайы сөйлесіп, жылы жүзбен қарсы алып, қажет деген мәліметтерін мүмкіндігінше толық орындауға тырысып отырады. Нәтижесінде жан-жақтан, алыс-жақын шет елдерден, республиканың түкпір-түкпірінен хат арқылы тұрғындардан алғыс хаттар келіп жатады. Бұл мамандар үшін үлкен дәреже, өз еңбектерінің жемісі деп біледі.

Архивке келіп түскен сұраныстардың мазмұны әр түрлі, әр бағытта болады. Сұраныс берген адамның өтініші толық емес, түсініксіз болған жағдайда, архившілер көрсетілген байланыс телефондар арқылы хабарласып, толық архивтік анықтама беруге тырысады. Архивтік анықтама беру мемлекеттік қызметі - бәрімізге ортақ іс. Осы мақсатта  архившілер жыл сайын, жоспарланған «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Семей қаласы бойынша №1, 2, 3 - бөлімшелерінде, қаламыздағы білім беру ісі, денсаулық сақтау саласы бойынша іс-қағаздарын жүргізу және ведомстволық ұйымдар қызметкерлерімен семинарлар өткізіп тұрады. ТВК-6 телеарнасында «Атқан таң» бағдарламасында мемлекеттік қызмет көрсету барысында халыққа берілетін архивтік анықтаманың түрлері, орындалу мерзімі, берілу тәртібі, архив жұмысы туралы мағлұмат беріледі, жергілікті газеттерде мақалаларымыз басылып тұрады.
Міне, осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы - халықтың игілігі үшін, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жоғары деңгейге көтеру үшін жасалып жатқан іс-шаралар.

«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ
Әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау бөлімінің меңгерушісі М.Сүлейменова

 

Парақтар өзгертілді: 02-08-2017