Жариялымдар / БАҚ мақалалары

С.Е.Черныхтың Семей Ертіс аймағындағы өмірі мен творчествосы

Участники республиканского зонального совета у литературно-мемориального музея Ф.М.Достоевского (слева) представители Каз.глав.архива Д.Р. Найманбаева, Фируза Абдуллина, заведующий архивным отделом Восточно-Казахстанского облисполкома С.Е.Черных, заведующий архивным отделом Семипалатинского облисполкома Т.Ш.Сагимбаева, начальник главного архивного управления при Совете министров Казахской ССР Б.Рамазанова и директор Усть-Каменогорского ОГА Сайкина Ф. А.

ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы
ШҚО Семей қаласы, Абай көшесі 84
тел.: 52-22-63 (факс). 52-06-07, е-mail: zdnivko-semei@rambler.ru

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, мұрағат ісінің үздігі, Кеңес одағының жазушылар мүшесі, өлкетанушы, мұрағатшы, өз Отанының азаматы, Ертісөлкесінің аяулы ұлы С.Е.Черныхты еске алу кеші болды.
С.Е.Черных өзінің кітаптарында, очерктерінде, дәрістерінде барлық Шығыс Қазақстанның оның ішінде Семейдің Ертіс өлкесіндегі танымал азаматтары туралы жазған. Ол Семейдегі облыстық мемлекеттік мұрағатында жұмыс істей отырып газеттерге түрлі мақалалар жазды. Мақалаларының көбі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған.

1979 жылғы «Ертіс» газетіне ағайынды Белослюдовтар, Б.Г.Герасимов, Н.Я.Коншин, П.А.Ермаков т.б өлкетанушылар, зерттеушілер, жазушылар туралы мақалалар жазды.

1979 жылы сәуір айында С.Е.Черных Семейдің облыстық мемлекеттік мұрағатында, оқу залында Қ-415 «Семейдің губерниялық халықтық білім беру бөлімі» құжаттарымен жұмыс істей отырып, Б.Н.Белослюдов туралы үлкен мақала жазады.

ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының мұрағатшылары С.Е.Черныхпен жақсы қарым-қатынаста болған. Ол кісімен бірігіп Семейде, Өскеменде, Талдықорғанда, Павлодарда өткен аймақтық ғылыми-әдістемелік кеңестерге қатысты.

Заведующий архивным отделом Восточно-Казахстанского
облисполкома С.Е.Черных, председатель Республиканского
зонального совета архивистов
Заведующий архивным отделом Семипалатинского облисполкома Т.Ш. Сагимбаева, Председатель совета, заведующий архивным отделом при Восточно-Казахстанском облисполкоме С.Е.Черных, ответсекретарь облоблисполкома Г.Даутов

1984 жылы 5-ші маусымда облыстық «Ертіс» газетінде жарық көрген мақалада Семей қаласында өткен аймақтық кеңес туралы мақала шығады.
Біз С.Е.Черныхтың өмірі мен шығармашылық қызметін ешқашан ұмытпаймыз. Автордың барлық танымал шығармалары туған өлкенің тарихына арналған. Сондықтан біз С.Е.Черныхты өлкетанушы ретінде, туған жерін бағалаған азамат ретінде танимыз.   

 

ШҚО Семей қаласы ҚЗТҚО
құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі
Тусунбаева Т.У

 

Парақтар өзгертілді: 17-06-2011