Жариялымдар / БАҚ мақалалары

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Міне биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 15 жыл толып отыр.
1995 жылы 30 тамызда өткен референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл ресми түрде мемлекеттік мереке деп жарияланды.

Еліміздің Ата Заңының қабылдануы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлының көптеген демократиялық бастамаларына негіз болып, мемлекетіміздің сенімді негізіне айналды. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуды жүзеге асыратын, әлемдік қауымдастыққа өз ұстанымын бекіткен ел ретінде көрініп отыр.

Әр елдің өзінің Ата Заңы, өзіндік ұстанымы болатыны сөзсіз. Осындай Ата Заңымыздың қабылданғаны бүкіл Қазақстандықтарды зор қуанышқа бөледі.
Конституция-бұл потенциалдық бірлік пен болашақ жетістіктерге жол ашатын алтын кілт. Сондықтан Заңмен жүру Заңды сыйлау әр азаматтың борышы. Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, Конституция білім алуға, ерікті еңбек етуге, өз азаматтығымызды ашық білдіруге құқық берді.
Елбасымыздың басқаруымен қазақ жерінде жүзден астам өзге ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде. Мемлекетімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға толық кепілдік беріледі. Жылдан жылға экономикамызда ілгерілеп жылжып келеді. Мұның барлығы Ата Заңымызда жазылған қағидалардың жүзеге асқандығының айқын белгісі.

Біздің Қазіргі  заман тарихын құжаттандыру орталығында тарихи құжаттар, газет басылымдары өте көп сақталған. Ата Заңымыз қабылданған жылы жарық көрген газеттер, «Семей таңы», «Иртыш», «Голос народа» газеттерінде жаңа заңның қабылданғаны жайлы мақтаныш етіледі.
Сонымен қатар Қ-810 қордың атауы (Семей облысы әкімінің аппараты),
өте көп құжаттарды кездестіреміз. Мысалы құжатта Семей облысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа конституциясының жобасын  талқылау туралы референдум жүргізудің есебі берілген, 30 тамыз 1995 жыл. Мұнда әрбір аудандар, ауылдар  бойынша өткен референдумға қатысқан халықтың орташа есеппен алғанда 99,3 пайыз атсалысқанын байқауға болады. Демек сақталған құжаттарға қарап Ата Заңымыздың жарияланғанын халық қуанышпен қабылдап, рухының биіктеп, аңсаған армандарының орындалғанын көреміз.   
Ата Заңымыздың принциптерін сақтау- әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз, Отан үшін бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қызметкері
Лаура Қадырова

Парақтар өзгертілді: 17-06-2011