







Черкасов Алексей Никифорович 1915 жылы 11 ақпанда Ульяновск облысы, Кузоватов ауданы, Кивит ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы майдандарында 1941 жылдың маусымынан бастап. "Смерш" қарсы барлаудың 551-ші жеке автобатальонының капитаны. Екі рет жараланған. Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Соғыстан кейін Алексей Никифорович Семей қаласында тұрып, қалалық өрт сөндіру командасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.