Виктор Михайлович Семенов 1926 жылы 13 желтоқсанда Чуваш АССР Алатыр ауданы Ялушево ауылында дүниеге келген

Майданға 1943 жылы қарашада Ленин аудандық әскери комитетінен шақырылды. 1-Балтық майданының 43-армиясының 179-атқыштар Витебск дивизиясының 259-атқыштар полкінінде болды. 1944 жылы 14 қыркүйекте Латвия аумағындағы Бауска қаласының маңында немістердің қорғаныс шебін бұзғаны үшін "Батылдығы  үшін" медалімен марапатталды, жаудың 2 пулемет нүктесін басып, 5 жаудың жауынгерін  жойды. Жарақат алды. Госпитальда емделгеннен кейін 16-шы атқыштар дивизиясының 49-атқыштар полкінің 76 мм зеңбіректерінің зеңбірекшісі болып жіберілді. 1945 жылы 6 сәуірде Шығыс Пруссияның Кенигсберг қаласына жақын жерде жаудың қорғанысын бұзған кезде жаудың жиналған жерін байқап, оларға оқ жаудырып, 11 гитлерлік сарбаздар мен офицерлерді жойғаны үшін 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Виктор Михайлович Семей қаласында тұрып, №1 қалалық өрт сөндіру командасында жұмыс істеді.