Вернигоров Василий Сергеевич (1917-2004) Ростов-на-Дону қаласында дүниеге келген. Забайкальск әскери округінің 486 жеке байланыс батальонында соғысқан. 1944 жылдың маусым айында Чита қаласында 6 айлық кіші лейтенанттар курсын бітірді. Майданға оралып, батальон командирі болып тағайындалды. Екі рет жараланды.

Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медальдармен, көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған. Жапон империалистеріне қарсы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін В.С. Вернигоров «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.