Беспаев Кабен Садыкович (1925-1993) Семей облысы Жаңасемей ауданы Көкен ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың ақпанынан 1945 жылдың тамызына дейін Қабен Садықұлы-әскери училищелердің курсанты. 1945 жылдың тамыз айынан 1946 жылдың қазан айына дейін Орал және Балтық әскери округтерінде танк командирі болып қызмет атқарды. Қызыл Жұлдыз орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Семей қаласындағы көшелердің біріне Қ.С.Беспаевтың есімі берілген.