







Байдусенов Айтмұхамбет (1920-1973) Семей облысы Бесқарағай ауданы Буденелі ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1941 жылы Алматы жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберілді, онда пулемет взводының командирі болды, рота командирі, батальон командирінің орынбасары болды. Соғыста болған А.Байдүйсенов 7 рет жараланып, эвагоспитальдарда емделіп, майданға қайта оралды. 1946 жылы запасқа шықты. Майдандағы ұрыс қимылдары үшін Қызыл Ту орденімен, «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.