Арқабаев Қадырма Иманғалиұлы Семей облысы Аягөз ауданының Жүзағаш станциясында дүниеге келген. Майданға 1944 жылдың желтоқсанында шақырылды. 50-ші қосалқы атқыштар полкінің Сталинград Қызыл Тулы 3 атқыштар бригадасының құрамында автоматшы-атқыш ретінде соғысқан. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісінен кейін 1950 жылдың сәуіріне дейін №22427 ә/б жүргізуші қызметін жалғастырды.