Оразбаев Атамбай 1923 жылы Семей облысы, Жаңа Семей ауданы, Көкен ауылында дүниеге келген. 1941 жылы желтоқсанда Семей облысы Аягөз аудандық әскери комитетімен майданға шақырылды. 1-ші атқыштар дивизиясының 226-шы артиллериялық полкінің 2-ші дивизионының артрезведчигі.

Жауынгерлік бұйрықтарды тез және дәл анықтағаны, 10 нысананы тапқаны үшін және жаудың қатты атыс кезінде жауынгерлік бұйрықты тез арада жеткізіп жауынгерлік тапсырманы орындауға көмегін бергені үшін «Батылдығы үшін» медалімен марапатталған. Ржев маңындағы шайқастарға, Невель және Великолук шабуыл операцияларына, Польша мен Германияны азат етуге қатысты. Ол Калинин, 1-ші Беларусь майдандарында соғысқан.