Нетруненко Иван Иванович (1918-1978 жж.) Семей облысы Новошульба ауданы Баженово ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Семей селпо есепшілер кооперативтік мектебін, 1937 жылы Ленинград су көлігі академиясы жанындағы бухгалтерлерді қайта даярлау курстарын бітірді. 1938 жылы Қырғыз АССР Пржевальскден  Қызыл Армия қатарына шақырылды.

1942 жылы Иван Иванович Мәскеуде барлаушы болып дайындықтан өткеннен кейін майданға жіберілді. Смерш барлау қызметінде қызмет етті. Майор, Батыс майданының 33 армиясының 80-ші танк бригадасының НКВД ҚБ жедел уәкілі, 4 танк армиясының 312-ші гвардиялық миномет полкі.