







Макаев Салих Макеевич (1918-1993 жж.) Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келген. 1939-1940 жылдары Қызыл Армияда 365-атқыштар полкінің 76 мм зеңбіректерінің командирі болып қызмет етті. 1942 жылдың желтоқсанында Көкпекті аудандық әскери комиссариатына шақырылып, майданға жіберілді. 48-ші атқыштар корпусының 116-атқыштар дивизиясы жанындағы 248-ші жеке мотоинженерлік батальонның 120 мм зеңбіректері взвод командирінің көмекшісі болып қабылданды. 1944 жылдың тамызында Салих Макаревич 5-ші жеке автополк бөлімшесінің командирі болып ауыстырылды. Оңтүстік-Батыс, 2-ші Украин және дала майдандарында соғысқан.
Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін С.М. Макаев Қызыл Жұлдыз, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Демобилизациядан кейін Семей облысы Көкпекті ауданында бухгалтер болып жұмыс істеді. Көп жылғы еңбегі үшін С. М. Мақаев «Тың жерлерді игергені үшін», «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, тың жерлерді игерудің 25 жылдығына арналған төсбелгілермен, «1973 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» медальдарымен марапатталды.