







2021 жылғы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ ведомстволық архивтерді жинақтау және инспекциялау бөлімінің архившісі Н.В.Яковлева кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған "Диалог" бағдарламасын жазуға қатысты.
Н.В.Яковлева Кеңес Одағының Батырлары Н.Н. Силиннің, А. А. Ибраевтің, Ұлы Отан соғысына қатысушылар К. П. Вахниннің және
И. Е. Соколовтың жеке қорларынан құжаттарды ұсынды, "ҚЗТҚО" КММ: "Ертең майданға ораламын", "Семей дивизиялары", "Әрқашан сапта", "Құтқарылған әлемді еске алады..." Ұлы Отан соғысына арналған құжаттар жинағына шолу жасады.
Бағдарлама барысында архив қорындағы мемлекеттік сақтаудағы құжаттардың маңыздылығы мен тарихи құндылығы, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде құжаттарды пайдалану және насихаттау мәселелері талқыланды.
Бағдарлама 2021 жылдың 10 мамырында эфирге шығады.