2020 жылы «ҚЗТҚО» КММ-не, бұрынғы Семей облыстық мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толды

Сіздердің назарларыңызға Қазіргі заман тарихты құжаттандыру орталығына арналған бейнефильм ұсынылады. Фильм авторларымен бірге сіз архивке саяхат жасап, құжаттардың қайда және қалай сақталатынын білесіз.

Біздің архив өзінің өмір сүрген кезеңінде ерекше құжаттық байлық жинақтады. Мұнда 1798 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңдегі құжаттар сақталуда. Кейбір бірегей құжаттар мен фотосуреттер бүгін сіздердің назарларыңызға ұсынылады.

Бұл бейнефильм біздің архивіміздің бай тарихы, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының бүгінгі күні мен өз еңбегімен оның даңқын шығарған мамандар туралы.