Кеңес халқының неміс-фашистері басқыншыларын жеңген Жеңіс Күні қарсаңында...

Кеңес халқының неміс-фашистері басқыншыларын жеңген Жеңіс Күні қарсаңында, 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құжаттары  мемлекеттік сақтауға келіп түсті.

Амержанов Иван Федорович Амержанов Иван Федорович 1919 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында туды. Ұлы Отан соғысы кезінде 65-ші Гвардиялық Рига атқыштар дивизиясының 88-ші жеке Гвардиялық барлау ротасында барлаушы болып соғысты. 4 рет жараланса да, тез майданға қайтып оралды. Жауынгерлік міндеттерді үздік орындағаны үшін Қызыл Жұлдыз орденіне ұсынылды. 1944 жылдың қараша айының 10-ынан 11-іне қараған түні барлаушылар тобына Татар АКСР Ақши ауданы Құлтас ауылының аумағында немісті тұтқынға алуға тапсырма берілді. Иван Федорович басып алушы топты қорғайтын отрядты басқарды. Амержанов отряды 6-8 метр қашықтықтағы қарсыластар қорғанысына ілгері жылжыды. Олар 8 немісті байқап қалып, Иван Федорович автоматтан оқ атты. Ол екі немісті өлтіріп, қалғандары қаша жөнелді. Басып алушы топ тұтқын алғаннан соң, Амержанов отряды топты өз шептеріне жеткенше қорғады. 
   
Жуков Николай Дмитриевич Жуков Николай Дмитриевич (1923 – 2004) Алтай өлкесі Завьялово ауданы Вылково ауылында туған. 1930 - 1934 жылдар аралығында Жуковтар Прокопьевск қаласында тұрып, кейін Алматы қаласына көшті. Николай Дмитриевичтің әкесі көп ұзамай қайтыс болып, анасы үш баламен қалады. Анасы мен қарындастарының өмірін жеңілдету үшін, Николай біраз уақыт балалар үйінде тұрады. 1939 жылы, 16 жасқа толуына байланысты, оны «Путь Ильича» колхозына оқуға және жұмыс істеуге жібереді. 1942 жылдың қаңтарында Николай Дмитриевич миномет взводының командирлерін дайындайтын Алматы жаяу әскер училищесінің жеделдетілген курсына оқуға түсіп, мамыр айында лейтенант атағын алып, 66-шы зениттік-атқыштар полкінің 93-ші атқыштар батальонына жіберілді. 75 мм зеңбіректі миномет взводының командирі болып қызмет етті. 1943 жылдың шілдесінде 39-офицерлер оқу полкіне жіберіліп, 45 мм зеңбіректі взвод командиріне қайта мамандандырылды. 1943 жылдың желтоқсанында 297-ші Славянско-Кировоград дивизиясының 1059-шы атқыштар полкіне жіберілді. 1944 жылдың қазан айында жараланады. Госпитальде емделгеннен соң, 1945 жылдың ақпанында 269-шы Рогачевский Қызыл Ту орденді Кутузов атқыштар дивизиясының 57 мм зеңбіректі 1020-шы атқыштар полкінің командирі болып тағайындалады. Николай Дмитриевич 2-ші Украина, Белоруссия майдандарында соғысты, Венгрия, Румыния, Польша, Германияны азат етуге қатысты.  Соғыс жолдарымен Берлинге дейін жетті. Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерлігі, төзімділігі мен батылдығы үшін Жуков Николай Дмитриевич 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Германияны Жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, «Украина азаттығының 50 жылдығы», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдарымен, 3-ші Армия ардагері естелік белгісімен, соғыс ардагерлері Кеңестік комитетінің төс белгісімен, көптеген мерейтойлық медальдармен және төс белгілерімен марапатталған. 
   
Жунусов Толеу Жунусович Жүнісов Төлеу Жүнісұлы (1923 – 1996) Семей облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылында туған. 1931 жылы Сергиополь орта мектебіне оқуға түсіп, 1941 жылға дейін білім алды. Содан кейін педагогикалық техникумның 3-курсына оқуға түсті. 1942 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Сергиополь орта мектебінде мұғалім болып – тәжірибелік сабақтар берді. 1942 жылдың наурызында Аягөз аудандық әскери комиссариатымен Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Алматы әскери жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін, 1088-ші атқыштар полкінің 9-шы ротасына взвод командирі көмекшісі болып жіберілді. 1943 жылдың маусымында 206-шы запастағы атқыштар полкіне ауыстырылды. Жараланып, Калуга қаласындағы эвакогоспиталінде емдеуде болды. Майданға қайта оралып, взвод командирі көмекшісі, 4-ші миномет дивизиясының 7- артиллериялық запастағы полкіне зеңбірек командирі болып қабылданды. Содан кейін аға кеңсе хатшысы, 2083-ші запастағы атқыштар полкінің 37 мм зеңбіректі взвод командирінің көмекшісі болып қызмет атқарды. 1946 жылдың 24 наурызында запасқа шығарылды.  Ол Оңтүстік, Батыс, 3- Белоруссия майдандарында соғысты. Сталинград, Курск, Белград түбіндегі ұрыстарға қатысты. Кенигсберг қаласын азат етуге қатысқаны үшін медальмен марапатталды. Инсбербург, Кенисберг қалаларын азат етуге қатысқаны үшін Жоғарғы бас қолбасшы Сталин жолдастың алғыс хатын алды. Қызмет еткен 4 жыл ішінде бірнеше рет жараланып, бір рет ауыр зақымданды. Соғыстан соң, 1946 жылы, Аягөз аудандық су шаруашылығы бөліміне аудандық гидрометр ретінде жұмысқа кіріп, аға инженер, кейін бөлім меңгерушісі болып ауыстырылды. 1959 жылы Семей ауыл шаруашылық техникумын «Ауылдық ГЭС және гидромелиорация құрылысы» мамандығы бойынша бітіріп, гидротехник мамандығын алды. 1955 – 1961 жылдар аралығында Семей облысы Ертіс-Шар суару жүйелері басқармасының бастығы, 1961-1965 жылдары Семейдің «Казводстрой» ҚМБ Жарма прорабтық учаскесі бастығы болып қызмет атқарды, 1965 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша - Семей облысы Үржар суару жүйелері басқармасының бастығы болды. 1959 жылы Семей гидромелиоративті техникумын бітіріп, Алматы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түседі. Жүнісов Төлеу Жүнісұлының еңбегі мен қоғамдық қызметі «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне орай Ерен еңбегі үшін», «Еңбек Ері», «Тыңайған жерлерді игерген үшін» медальдарымен атап өтілді. КСРО ХШЖК қатысушы ретінде көрменің қола медалімен марапатталған. Мелиорация жүйесіндегі көп жылдық еңбегі үшін Қазақ КСР мелиорация және су шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен, Семей облыстық еңбекші депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитетінің, Семей облыстық кәсіподақ комитетінің грамоталарымен марапатталған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Германияны Жеңгені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен, көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
   
Подлипский Игорь Игнатьевич Подлипский Игорь Игнатьевич (1922 – 1942) Семей қаласында туған. 1941 жылдың маусымында Қызыл Армия қатарына шақырылып, бірден Ташкент жаяу әскерлері училищесіне жіберілді. 1942 жылдың 24 желтоқсанында ұрыста қаза тапты. Мәскеу облысы Высокиничский ауданы Раденки ауылында жерленген. Игорь Игнатьевич есімі Семей облысының Боздақтар Естелік Кітабының 3-томына енген.
   
Тусупбаев Таттибек Түсіпбаев Тәттібек 1915 жылы туды. 1939 жылы Семейдің тіл және әдебиеті қазақ мұғалімдер институтын бітірді. 1941 жылдың желтоқсанында Жаңа Семей аудандық әскери комиссариатымен соғысқа шақырылады. Гвардия аға лейтенанты, 64-ші Суворов орденді Могилев атқыштар дивизиясының 451-ші атқыштар полкінің саптық бөлімі бойынша 2-ші атқыштар батальоны командирінің орынбасары болып қызмет етеді. Калинин, Орталық, 1 және 2- Белоруссия майдандарында соғысты. Екі рет жараланды – 1941 жылдың желтоқсанында және 1942 жылдың қазанында.
Көрсеткен ерлігі үшін, тапқырлығы мен ұрыста батальон бөлімшелерін басқара білгені үшін 1-дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынылды. 1945 жылдың 24 сәуірінде Т. Түсіпбаев 6-атқыштар ротасының Берлин түбіндегі Бризен деревнясын басып алу үшін болған шабуылына жетекшілік жасады. Дұрыс ұйымдастырылған ұрыстың арқасында, рота деревняға бірінші болып баса-көктеп еніп, жертөлелер мен шатырларда орналасқан 10 пулеметтік есептердің, 2 зениттік зеңбіректің, өздігінен жүретін зеңбіректің көздерін  жойды. 80-ге жуық неміс өлтіріліп, 68 неміс солдаты мен офицерлері тұтқындалды. Бұдан өзге, қарсыластардан алынған олжалар: 100 мм зеңбірек, 3 пулемет, 3 автокөлік, 60 винтовка мен автоматтар.
Тәттібек Түсіпбаев 1945 жылдың 2 мамырында Берлинді шабуылдау кезінде қаза тапты. Ол Берлин қаласының Марцан ауданындағы кеңестік әскерлердің зиратында жерленген. Қаза болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.  

Подлипский Игорь ИгнатьевичКарякин Борис Сергеевич 1911 жылдың 22 шілдесінде Көкшетау қаласында туған. Орта мектепті бітірген кейін ата-анасымен Семей қаласына көшіп келіп, 1930 жылы еңбек жолын мелиорация бөлімінде аға жұмысшы болып бастады. Бір жылдан соң техник лауазымына ұсынылып, агроном- топырақ зерттеуші курсына жіберілді, 1932 жылы ойдағыдай тәмамдады.
Борис Сергеевич Кеңестік Армия қатарына шақырылмастан бұрын, Семей облыстық су шаруашылығында гидротехник, кейін гидротехник-прораб болып жұмыс атқарды. 1940 жылы Зайсан аудандық су шаруашылығының аға инженері, бір жылдан соң – Шығыс Қазақстан облысының су шаруашылығы бөлімі бастығы болып тағайындалды. 1940 жылы Кеңестік Армия қатарына шақырылып, 372-ші атқыштар полкінің танкіге қарсы батареясы командирі болды.