«31 мамыр-саясы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні»

29 мамыр  2026 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив  ісі басқармасының  «Абай олысы мемлекеттік архиві»  КММ –де   «Шайжүнісов атындағы электронды колледж» студенттеріне  Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өткізілді.

image-1387-2306.jpg

ҒАА және және құжаттарды пайдалану бөлімі басшысының  міндетін атқарушы А.К. Дюсембаева «Алаш қайраткерлері құжаттары архив қорларында» атты дәріс оқыды. Студенттерге Абай облысы мемлекеттік архивінде сақталған Алаш Орда қайраткерлері Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Х. Ғаббасов, Е. Итбаев және Ж. Ақпаевтың құжаттары ұсынылды.

Қонақтарға «Алаштың алыптары» және «Восточная  Алашорда» тақырыптық жинақтары, «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары» жинақтары  көрсетілді.

image-1387-2307.jpg

ҒАА  және құжаттарды пайдалану бөлімі   дайындаған «31 мамыр-саясы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» атты фотокөрме студенттерге таныстырылды.

image-1387-2309.jpg

Архив құжаттарын сақтау қоймалары  бойынша экскурсияны мемлекеттік есепке алу және құжаттардың  сақталуын қамтамасмыз ету бөлімімінің архившісі М.Б. Карандашова жүргізді. Ол Абай облыстық мемлекеттік архивінде  сақталған қорлар  мен құжаттарды сақтау тәртібін сипаттап, 1872 жылғы шіркеу реестрлерін көрсетті.

image-1387-2305.peg

Колледж оқытушысы М.О. Сәдуақасова архив қызметкерлеріне  топ атынан қызықты ақпараттары  мен  қоғам өміріндегі архившілердің  маңызды жұмысы үшін алғысын білдірді.

image-1387-2308.jpg