Жарма филиалында сабақ пен экскурсия өткізілді

«Ұрпақтар аманатын сақтаушылар» — осындай атаумен Абай облысы мемлекеттік архивінің Жарма филиалында өткен сабақ пен экскурсияға Батыр Қапай ауылының Васильковка негізгі мектебінің оқушылары мен ұстаздары Алғанұр Әлия, Әлихан Жолдыбек қатысты.

image-1384-2297.peg

Бұл күн балалар үшін нағыз жаңалықтарға толы болды.

Оқушылар архивтің қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы білді. Жарма филиалында сақталған тарихи құжаттармен танысты.

image-1384-2301.peg

Ең қызықты бөлімі — оқушылар құжаттардың қалай сақталатынын көру үшін архив қоймасына арнайы экскурсия жасады.

image-1384-2300.peg

Құжаттар негізінде ұйымдастырылған көрмені тамашалап, тарихтың тірі куәгерлерін өз көздерімен көрді.

image-1384-2299.peg

Архив — жай ғана қағаздар жиынтығы емес, бұл біздің өткеніміз бен болашағымызды байланыстыратын алтын көпір.

image-1384-2298.peg