Марк Иванович Нетруненко  бірге қызмет еткен жауынгерлермен Прага көшелерінде, 1945 ж. 9 мамыр

Марк Иванович Нетруненко, 1916 жылғы Семей облысы Баженово ауылының тумасы. Ол кіші лейтенант, 1180-атқыштар полкінде шайқасқан.

1960 жылы 8 мамырда «Руде Право» газетінде «Алтын ғасыр болады!» атты мақала жарияланды. Мақала  фотосуретпен бірге жарияланған болатын, онда 1945 жылы 9 мамырда Прага көшесінде Марк Иванович Нетруненко және оның жанында жергілікті тұрғындар – балалар бейнеленген. Біраз уақыттан кейін Чехословакиядан Квета Клинеровадан хат келді. Онда фотосуреттегі қыз өзін танып, кеңес сарбаздарына Отанын азат еткені үшін алғысын білдіріп жауап берді.

Фотосуретте М.И. Нетруненко ортасында бейнеленген.