Студенттерге арналған танымдық саяхат

2 сәуір 2026 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де (АОМА) Абай облысының білім басқармасының "Электротехникалық колледжі" КМҚК студенттеріне  дәріс өткізілді.

image-1362-2239.jpg

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің археографы А. Е. Шалыгин қонақтарды архив қабырғасында қарсы алып, Қазақстандағы ең көне архивтің тарихы туралы таныстырды.

image-1362-2240.jpg

Студенттерге АОМА қорларында сақталған 1873 жылғы метрикалық кітаптар, ХХ ғасырдың басындағы фотосуреттер және 1918 жылғы  газеттер көрсетілді.

Дәріс барысында архив шығарған жинақтармен және оқу залында жұмыс жасау ережелерімен таныстырылды. Қонақтардың назарына архив фойесінде орналасқан "Тау тұлға Қайым Мұхамедхановтың 110 жыл" көрмесі ұсынылды.

Архив қоймасына шолу экскурсиясын мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің архившісі М.Б. Карандашова жүргізді,

image-1362-2241.jpg

ол Абай облысының мемлекеттік архивінде сақталатын қорлар және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету шарттары туралы айтып берді.

Ескі құжаттармен танысу студенттердің қызығушылығымен қатар көптеген сұрақтар туғызды және  ол сұрақтарына архив мамандарынан  толық жауаптарын  алды.