Абильпанов Кабдулла Умирханович

Абильпанов Кабдулла Умирханович (1932-2019 жж.), Қазақстан Республикасы ҰҚК подполковнигі, еңбек ардагері, Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Беген орта мектебін бітіргеннен кейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне заң факультетіне оқуға түседі. 1959 жылы университетті бітіргеннен кейін Қазақ КСР ІІМ органдарына жұмысқа жіберілді. Павлодар облысы ІІБ Екібастұз қалалық бөлімінің тергеушісі, Семей облысы ІІБ тергеу тобының бастығы болып жұмыс жасайды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін Кабдулла Умирханович

8 медальмен марапатталды, оның ішінде үш дәрежелі «За безупречную службу», «За воинскую доблесть», «Отличник пограничных войск», «Ветеран труда».