Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде өткен семинар
2025 жылдың 16-17 қазан күндері Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинарға Астана қаласы, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының архив қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Ұлттық архивінің білікті мамандары қатысты.
Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырып, іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, сәттілік тіледі.
Семинар барысында Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С.Н. Тащанова:
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қолдану тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Семинарда келесі маңызды мәселелер қаралды:
· Архив ісі саласындағы нормативтік –құқықтық актілер
· Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік –құқықтық база
· ҚР ӘРПК қағидаларын қолдану
· Сұраныстарды орындау: Генеологиялық тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық
· «Е-Архив», Е-Өтініш» АЖ көрсету, есепті қалыптастыру.
С.Н. Тащанова көтерілген барлық мәселелерге кәсіби тұрғыда, түсінікті әрі нақты жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Баяндама мазмұнды, ақпараттар өзекті әрі пайдалы болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ғылыми- ақпараттық бөліміне, оқу залына, архивтік қоймаларда қолданатын арнайы қорап жасайтын зертханаға экскурсия жасалды.
Қатысушылар архив ісіне қатысты жаңа білім мен құнды тәжірибе жинады. Кәсіби білімді толықтырып, жұмысқа деген қызығушылықтарын арттырып, өз істеріне деген жауапкершілікті күшейтті. Алдағы уақытта осындай семинар жиі өткізіліп тұрса, мамандардың кәсіби өсуіне және өзара тәжірибе алмасуына зор үлес қосады.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.