Жұмагелдин Бейсен (1924-2007) Семей облысының Шыңғыстау ауданында дүниеге келген. 1942 жылдың тамызында ол өз еркімен майданға аттанды. Ташкент облысының Чирчик қаласында Қызыл Армия әскери-әуе күштерінің үшінші радиотелеграфтық курстарын бітіріп, Бейсен Жұмагелдин  үздік отыз радиостанция курсанттарының қатарында К.Ворошилов атындағы №1 байланыс полкіне, ал 1943 жылдың ақпанында – 107-ші жеке байланыс полкіне бөлінді.

1943 жылдың шілдесінен 1945 жылдың шілдесіне дейін ол батыс және 3-ші Беларусь майдандарының 36-шы жеке байланыс полкінің аға телеграфисті болып  соғысқа қатысты. Полк құрамында Бейсен Жұмагелдин Днепр, Висла және Прегель өзендері арқылы өту кезінде, Юхново, Нарофоминск, Калуга, Можайс, Вязьма қалаларын, Беларусь, Польша, Литва одақтас республикаларын азат етуде, Кенигсбергті басып алуда шайқастарға қатысты.

Жұмагелдин Бейсен - Кеңес-жапон соғысына қатысушы. 1947 жылдың наурызына дейін ол 64-ші және 69-шы әуе қорғанысы полктерінде қызмет етті, содан кейін жоғары қуатты радиостанцияның взвод командирінің көмекшісі болды. Старшина атағымен елге оралды.

Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Б. Жұмагелдин 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен, Кеңес Одағының Маршалы А.Гречконың төсбелгісімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Кеңес-жапон соғысына қатысқаны үшін «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.