







Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын Түркістан-Сібір магистралінің құрылысы 1927 жылы басталды. 1929 жылдың мамырына қарай солтүстігінде 562 км және оңтүстігінде 350 км жол салынды. Жол әлі салынып жатса да, бірақ пойыздар жүре бастады. Түрксибтің салтанатты қосылуы 1930 жылы 24 сәуірде Айна-бұлақ станциясында өтті.